Еліміздегі 12 қаланың бас жоспарына түзету енгізіледі

  • 7
  • 24.11.2025, 19:49

Құзырлы мекеме қалаларды жобалау жұмыстарымен бөлісті. Соңғы 2 жылда 75 елді мекен үшін бас жоспар әзірленген. Бүгінде 90 қала бас жоспармен қамтамасыз етілді. Мұндай шешім қала құрылысының сапасын жақсартуға және аумақтарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Бақытжан Жүнісбеков, ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы:

- 5 мыңнан аса тұрғыны бар 286 ауылды бас жоспармен қамтамасыз еттік. 8 елді мекеннің бас жоспарын түзетіп, жаңарту керек. 5 мыңнан аз тұрғыны бар 5867 елді мекеннің 4320-сына құжат жасалды. Әлі бас жоспары жоқ ауылдар жетерлік, олар бойынша жұмыс жүргізілуде.