Қазақстан мұнай-газ саласында отандық өнім үлесін айтарлықтай көбейтуге ниетті. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаровтың айтуынша биылғы 9 айдың өзінде жер қойнауын пайдаланушылар 3 триллион 800 миллиард теңгеге тауар мен қызмет сатып алған. Соның шамамен 58% қазақстандық өнім. Қызметтерді орындауда отандық компаниялардың үлесі тіпті жоғары. 88% асқан. Жыл басынан бері жергілікті өндірушілермен 28 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған. Министрлік өкілдері: «Ұзақмерзімді келісімшарттар көлемін көбейте отырып, жергілікті өндірушілерге қолдауды одан әрі арттырамыз»,– дейді.
Ерлан Ақбаров, ҚР Энергетика вице-министрі:
-Бүгінгі таңда жасалған ұзақмерзімді шарттар саны айтарлықтай өсуі байқалады. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда өсім 2 еседен астам болды және 12 миллиардтан асты.