«Қызылорда-Жезқазған» тасжолының құрылысы аяқталды

  • 44
  • 26.11.2025, 19:37

424 шақырымның 216 шақырымы Қызылорда облысының аумағынан өтеді. Қазір мұнда көлік қозғалысы ашылды. Құрылыс жұмыстарына бес бірдей мердігер ұйым жұмылдырылып, 400 техника тартылды. Жолдың қалған бөлігі келер жылы пайдалануға беріледі. Жоба толығымен іске қосылғанда тәулігіне 10 мыңға дейін көлік қатынайды. Оңтүстік өңірлерді елдің орталығымен байланыстыратын күрежол жүк және жолаушылар тасымалының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

-Келісімшарт бойынша 2027 жыл деп жатырмыз. Бірақ ендігі 2026 жылдың аяғына дейін біз қозғалысты ашамыз деп жоспарлап отырмыз. Әрі қарай «Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды» жобасы ендігі жылдан бастап жатырмыз. Сол себеппен Қызылордадан Жезқазғанға, Жезқазғаннан Қарағанды, Қарағандыдан Астанаға дейін толық қозғалыс екі үш жылда болады деп есептейміз.