Құқықтық мәселелерді шешуге ЖИ жүйесі іске қосылады

  • 37
  • 26.11.2025, 19:39

Енді құқықтық мәселелер мен өзара дауларды шешу ісінде жасанды интеллект жүйесі іске қосылады. Астана халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық төрелік орталығының соты форум өткізіп, нейрожелінің заңдық нормаларға сәйкестігін талқылады. Еліміздің және қытайлық сарапшылар заң шығару және Legal tech саласындағы халықаралық стандарттар мәселелеріне назар аударды. Іс-шара қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар заңды құжаттарды дайындауға көмектесетін жасанды интеллект моделін әзірлеу үшін бірлескен Legal Tech Lab құру туралы келісімге келді. Бұл құқықтық инфрақұрылымды нығайту мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудегі маңызды қадам болмақ.