Бұл туралы Ұлттық төлем корпорациясының Төлем жүйелерін дамыту департаментінің директоры Райымбек Шаймерденов хабарлады. Елде банкаралық QR қызметі биыл қыркүйекте іске қосылды. Оған Қазақстанның алты банкі өтті. Бұл құрал кез келген банктің қосымшасы арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Бизнеске бірнеше терминал ұстаудың қажеті жоқ, ал пайдаланушылар тәуелді болмайды. Мамандардың айтуынша, деректердің қауіпсіздігі қосарланған шифрлау арқылы қамтамасыз етілген. Келесі жылы барлық қаржы ұйымдарын мобильді төлемдердің банкаралық жүйесіне қосу жоспарланып отыр. Трансшекаралық операциялар 2026 жылдың соңына дейін ашылады деген болжам бар. Бұл қазақстандықтардың шетелде есеп айырысуын жеңілдетіп, елге келетін саяхатшыларға төлем жасауды ыңғайлы етеді. Қазірдің өзінде Түркия және Таиландпен келісімдер пысықталып жатыр.
Жанел Айтқазы, Төлем жүйелерін дамыту департаментінің бас менеджері:
-Келесі жылы бізде сондай мақсаттарымыз бар. Басқа мемлекеттерге де шығу және де бізге келіп жатқан туристерге де осындай бір мүмкіндік беру. Өздерінің банктерін пайдаланып, біздің QR-мен ақшаны төлей берсе деген. Біз тексердік осы жыл бойы қай мемлектетен бізге көп келеді. Қай мемелекетке біз жақтан көп баратынын. Соның бәрін тексеріп алып, содан кейін осындай шешімге келдік.