Елордамызда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Мәдениет, ғылым, медиа және спорт салаларында жетістікке жеткен 20 жас дарын марапатталды. Олардың қатарында халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары және осы деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сонымен қатар қоғамның дамуына үлес қосып жүрген инновациялық жобалардың иелері бар. «Дарын» сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды қолдау мақсатында тағайындалған. Бүгінге дейін оны 360-тан астам азамат иеленгені мәлім.. Әріптесіміз, «Хабар» арнасының жүргізушісі Мөлдір Досбайдың да «Дарын» сыйлығын иеленгенін қуанышпен хабарлаймыз.