Мұндай мүмкіндікті «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» ұсынып отыр. Акционерлік қоғамның биыл іске қосқан ипотекалық бағдарламасы Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан өзге, барлық өңірде жүзеге асуда.
Ернар Қарымсақов – Қостанайдағы кәсіпорында қарапайым жұмысшы. Қазірге дейін жалдамалы пәтерге ай сайын 100 мың теңгесін шығындайтын. Биыл баспаналы болу бақыты бұйырды. Оған «Орда Аймақ» ипотекалық бағдарламасы арқылы қол жеткізді. Қазір Қостанай қаласының шетіндегі шағын ауданда жаңа қоныста тұрып жатыр. «Үйдің ауласы кең. Тұрғындар үшін де, көлік үшін де ыңғайлы жағдай жасалған», – дейді.
Ернар Қарымсақов, қала тұрғыны:-Бұл бағдарлама туралы әлеуметтік желіден білдім. Басты шарты маған қатты ұнады. Ол бойынша үміткердің банкте есеп-шоты болуы міндетті емес. Ал көпшілік үшін мүмкіндік деп ойлаймын. Ипотекалық бағдарлама биыл сәуір айында іске қосылған. Жоба жетекшілері үй алғысы келетін азаматтарға біраз жеңілдік қарастырылғанын айтады. Елдан Әлібеков, «Қазақстанның Тұрғын үй компаниясы» АҚ басқарушы директоры:
-Бағдарламаның негізгі шарттары сыйақы мөлшерлемесі 15,6% құрайды. Мерзімі 2 жылдан 20 жылға дейін несие сомасы 2 миллионнан 75 миллонға дейін және де 21 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады және де айта кететін маңызды мәселе салынып жатқан пәтер кепіл ретінде қабылданады. Бұл дегеніміз қосымша мүлікті кепіл ретінде беруді қажет етпейді. Аталмыш компания 2009 жылдан 2024 жылға дейін жалпы құны 3,1 триллион теңге болатын жобаларды іске асырған. Былтыр еліміз бойынша пайдалануға берілген көппәтерлі үйлердің 26% осы ұйымның үлесінде.
Әнуарбек Мырзатайұлы, Қайрат Кальянбеков