Өскемендегі Шығыс Қазақстан Техникалық университетінде «SMART Driving Technology» инжиниринг орталығы ашылды. Қазақстан мен Қытай арасындағы технологиялық ынтымақтастық негізінде құрылған ерекше мекеме болашақтың инженерін даярлайды. Атап айтқанда, электромобиль, автопилотты көлік пен гибридті транспорт сынды интеллектуалды әрі автономды техника саласын әбден меңгерген мықты мамандар осы жерде білім алады. Мұндағы құрал жабдықтар сенсорлық жүйе, жасанды интеллект, цифрлық технология сынды замануи оқу талаптарының бәріне жауап бере алады.Халықаралық орталықпен қатар, Машина құрастырудағы SMART-технологиялар және жасанды интеллект деген мамандық та ашылды.
Мұрат Мұздыбаев, ШҚТУ профессоры:
-Жасанды интеллект жөніндегі технологиялар жақсы негіздеме беріп тұрады. Өйткені бұрынғы кезінде IT технология ол бөлек сала болып тұратын, механика көлік саласы олар да бөлек боп тұратын.Ал егер заманауи көліктерге қарайтын болсақ, электромобиль және гибрид автомобильдерге, олар осы екі технологияға да негізделіп тұр.
Гүлзат Көбенова, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:-Кадр даярлау үшін заманауи инфрақұрылымның алатын орны айырықша. Бір жағынан бұл жерде тек біздің жастар ғана емес өзге елден кеп оқып жатқандар да бар әрі сондай шетелдік студенттер саны жыл сайын артып келеді.