«Қазпошта» қызмет құнын неге көтерді?

  • 2
  • 28.11.2025, 19:41

Мерзімді басылымға жазылу тарифінің өсуі Дихан Қамзабекұлын алаңдатып жүр. Себебі ол жетекшілік етіп отырған «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Егемен Қазақстаннан» бастап бірнеше республикалық газет пен журнал кіреді. Ел бірлігі мен ұлт ұйытқысы үшін жасалған дүниенің, әр оқырманға жетуі маңызды. Ал біздің елде газет-журналдардың жазылымы мен таратуын ұйымдастыру «Қазпоштаның» еншісінде.  

Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры:

- «Казпошта» 2024 жылдан бері көтеріп келе жатыр. Яғни 2024 жылы 2025 жылға жазылады ғой. Сол кезде жазылымның бағасы 50% өсті. Әрине мен ортасын айтып отырмын. Жекелеген басылымдар одан да көп. Ал енді биылғы жылы 42 пайыздан 128 пайызға дейін өсті. Жазылым бағасы. Газет-журнал бәрі де.   

Бұл жағдай аймақ басылымдарына да оңай тиіп отырған жоқ.

Сәрсенкүл Бихожа, «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы:

- Біз 3 мың теңгеге, яғни 500 теңгеге қымбаттаттық. Ондағы ойымыз енді «Қазпоштаның» үлесі де бар сонда деп есептедік. Бірақ енді шамалы уақыттан кейін бізге «Қазпоштадан» хабар келеді. Біздің газет теңгеге қымбаттап кеткен алты айға. Бір жылға 8 мың теңгеге кетіп қалған мысалы. Енді былай қарасаңыз, қазір жұрт 8 мың теңгеге газетке жазыла қоймайды.

Еліміздің шалғай ауылдарына әлі де интернет тартылмаған. Сондықтан олар күнделікті ақпаратты теледидардан көріп, газет-журналдан алатыны анық.  Парадокс! Тариф осындай ауыл тұрғындары үшін қымбаттап отыр.

Бағлан Оразбай, «Қазпошта» АҚ пошта қызметі мен мемлекеттік қызметтер бойынша басқарушы директоры:

-Бұл ағымдағы жылдың мамыр айында Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бұйрығымен бекітілген болатын. Бұл жерде ол 2017-2025 жыл аралығында 17 теңге болатын болса, ауылдық жерлерде 2026 жылдан бастап ол 42 теңгеге өсті. Бұл дегеніміз 8 жылда тариф көтерілген жоқ. Мен ойлаймын енді өзінің тариф инфляциясы бар. Әрбір зат қымбаттап жатыр. ГСН демекші. Шығындарымызды өтеу үшін осындай тариф бекітілген болатын. 

Әр басылым оқырман қолына жетуі үшін мемлекеттен субсидия бөлінеді. «Бірақ оның өзі шығынды жаппай отыр», дейді «Қазпошта» өкілдері. Ал редакторлар қауымы онсыз да қолына газет ұстап, журнал ашатындар аз. Енді оқырман қатары сиреп, «оқитын ұлттың» руханияты әлсіреп қалмаса игі», деп дабыл қағуда.

Алуа Маханбет, Айбын Құсанбек