Жамбыл облысында үш ауысымды мектеп азаяды

  • 4
  • 01.12.2025, 18:38

Мұны облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Ел қазынасына кемі 25-30 млрд теңге салық түсімін әкелетін қазба байлықты игеру үшін бұл жобаға қытай инвесторлары тартылған.

Жамбыл облысы инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша 3-ші орында. Өңірге жыл басынан бері 553,6 млрд теңге инвестиция тартылған. Сондай-ақ өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің өсімі де артып, жыл соңына дейін сапалы ауызсумен толық қамтылады. «Үш ауысымды мектеп те азаяды», - дейді әкім.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Қазір Жамбыл облысында үш ауысымды оқитын мектептер жоқ, шешілді. 2025 жылдың басында облыс бойынша Қордай ауданында бір үш ауысымды мектеп тіркелген болатын. Бүгінгі күні үш ауысымды мектеп мәселесі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Қордай ауданында Қарасу ауылында 300 орындық мектеп құрылысы аяқталып, мектеп ашылды. Сол себептен ол мәселе шешілді.