ШҚО-дағы ірі жол-құрылыс жобалары аяқталды

  • 3
  • 01.12.2025, 18:43

Республикалық маңыздағы 300 шақырымға жуық жол жөнделді. Мәселен, «Омбы-Майқапшағай» күрежолы салынып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ Зайсандағы шекарада бақылау өткізу пункті жаңартылды. Бұған дейін ол жерде жолдың тарлығынан үлкен көлік кептелісі туындайтын. Қазір сол өтетін жол алты жолақты болып кеңейтілді. Бекетте әрқайсына 100 көлік сиятын кең автотұрақ салынып, қонақүй де бой көтереді. Туристік аудандарға апаратын күрежолдар да басты назарда. Әсіресе Рахман бұлақтарына жеткізетін 13 шақырым қашықтықтың жөнделе бастауы жергілікті жұртты қатты қуантты. Себебі бұл маңда автожол мүлдем жоқ деуге болады. Әрі еліміздегі ең қиын құрылыс. Өйткені арнайы техника, құз-жартас арасында еңіске қарай жұмыс істейді. «Ауыр көліктердің өздігенен төмен сырғып кетуі қауіпі өте жоғары», - дейді мамандар.

Әділет Жампейісов, «ҚазАвтоЖол» ҰК ШҚО филиалы директорының орынбасары:

- Техникалардың сырғып кетуі қауіпі  бар, соған байланысты техникалық қауіпсіздік шараларын қолданатын боламыз. Сол себепті жер тегістейтін «каток» басқа техникаларға тіркеп, сақтандыру ретінде қауіпсіздік шараларын қолданып, келесі жылы енді туристер біздің қауіпсіз, әрі әдемі жолды пайдалануға береміз деп ойлаймын.