Автолизинг бағдарламасы іске қосылды

  • 3
  • 01.12.2025, 18:59

Оның автонесиеден айырмашылығы – көлікті алғашқы жарнасыз, әрі несиесіз ұзақ мерзімге жалға аласыз. Келісімшарт мерзімі аяқталғанда темір тұлпарды қайта өткізуге немесе қалған берешегіңізді өтеу арқылы сатып алуға болады. Ресми мәлімет бойынша, тиімді мөлшерлеме 10 пайыздан аспауға тиіс. Ал несие мерзімі көліктің маркасы мен шыққан жылына қарай өзгеріп отырады. Әзірге үстемеақысы нақты қанша пайыз болатыны белгісіз. Дегенмен лизинг берушінің алатын сыйақысы машина құнының 46 пайызынан аспауы керек. 

Бағдарлама іске қосыла салысымен алғашқы өтініш те түсті. Алматы тұрғыны лизингке автомобиль рәсімдеді.

Олжас Құспеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Соның шарттарына қарайтын болсақ, 10 пайыз алғашқы жарнасы бар екен, 15 пайыз жылдық пайызы бар екен. Шұғыл түрде көлікке байланысты лизингті шығарып жатыр. Бірақ жалпы болашақта сол заң Үкіметтен келеді ғой бізге. Сол кезде біз Мәжілісте жан-жақты қарап, шектеу, реттеу ережелерін бекітетін боламыз.