Атырауда ЖИ көмегімен іздеуде жүрген 52 адам анықталды

  • 4
  • 02.12.2025, 18:42

Қазір өңірде «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру мақсатында «Targeteye» жобасы жұмыс істейді. Цифрлық жүйеге негізделген бейнекамералар адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарға орнатылған. Егер жасанды интеллект күдіктіні анықтаса, жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл береді. «Күдіктілерді дереу қолға түсіріп, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауда цифрлық жүйенің маңызы зор»,– дейді тәртіп сақшылары. 

Мөлдір Таңатарқызы, облыстық ПД жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторы:

-Егер іздеуде жүрген, болмаса күдікті адам бары анықталатын болса, монитордың оң жағында автоматты түрде шығарылады. Кейін жеке басын анықтап, қосымша мамандарға жолдаймыз. 

Жанат Рахметова, облыстық ПД жедел басқару орталығы бастығының міндетін атқарушы:

-Іздеуде, есепте тұрған, пробация есебінде тұрған күдікті тұлғаларға ұқсас адамдар бейнебақылау камерасының назарына түскен кезде Жедел басқару орталығының жедел залында дабыл ойнап, жақын маңдағы полиция кешенді күштеріне бағыттама беріледі. 2025 жылдың 11 айында 222 күдікті тұлға бойынша дабыл соғылған.