Қарағанды облысында құтқарушылар мен полицейлер су айдындарында профилактикалық рейдті күшейтті. Ауа райының жылы болуына байланысты мұз әлі жұқа, үстімен жүру өте қауіпті. Рейд кезінде көңіл көтеру немесе бейнежазба түсіру үшін мұзға шыққан жасөспірімдер кездескен. Балалардың ата-аналары әкімшілк жазаға тартылды. Мұздың қалыңдығы кем дегенде 10 сантиметр болуы керек. Төтенше жағдай қызметкерлері тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізеді. Олар балық аулау құралдары дүкендерінің сатушыларына, балықшыларға және тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, жадынама таратады.
Сұлтан Зейнуллин, Қарағанды қаласы ТЖ басқармасы азаматтық қорғаныс тобының аға офицері:-Қысқы кездегі мұз айдыны беттерінде болу ережелері мен тәртіптерін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бұзушылықтар анықталған жағдайда айыппұл салу ретінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Айыппұл ҚР Әкімшілік кодексінің 412 бабы бойынша салынады. Жеке тұлғаларға 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салынады.