Елдегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басы дауға қалды

  • 3
  • 02.12.2025, 18:36

Жоғары аудиторлық палата тексеріс барысында олардың жұмысынан 138 миллиард теңгенің қаржылық заңбұзушылығын анықтады. Мемлекет соңғы бес жылда мұндай ұйымдарға 528 млрд теңге бөлген. Оның жартысына жуығы кәсіпкерлерді қолдауға жұмсалуы керек еді. Бірақ өңірлерде бұл қаражат нақты жобаларға емес, депозиттерге салынған немесе пайдасы аз коммерциялық компанияларға жіберіліпті. Салдарынан аймақтарды дамытуға жауапты бұл ұйымдар кіріс емес, 209 млрд теңге шығын әкелген. Жоғары аудиторлық палата 14 істі құқық қорғау органдарына жіберді.