Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде ашық есік күні өтті. Сарбаздардың ата-аналары әскери қызмет, оқу-жаттығу процесімен және тұрмыс-тіршілігімен танысты. Оқу сыныптарын көріп, жаттығу алаңдары мен әскери-техникалық дайындық нысандарын аралады.
Фарида Мыңбаева, ата-ана:
-Отан алдындағы борышын осы жерде өтеп жатыр. Балалардың жағдайы өте жақсы. Жататын жерін, демалатын жерін бәрін көрдік асханасын көрдік. Тамақтарынан дәм ауыз тидік барлығы жақсы.
Талғат Табылдиев, Қарасай шекара басқармасы бастығының орынбасары:
-Сарбаздар осы жерде қазір 3 ай техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде 3 ай сабақ өтіп өздерінің мамандықтарын алып сертификаттарын алып Қазақстанның түкпір-түкпіріне, аумақтарына шекара бөлімшелеріне қызметтерін жалғастыруға жолданады.