Жауапты министрліктің хабарлауынша, енді тұйық бөгеттердің құрылысына толық тыйым салынды. Себебі мұндай нысандар өзендердің бітелуіне, тайыздануына және тіпті толық құрғауына әкеледі. Ал елде бар тұйық бөгеттер жаңартылуы немесе бұзылуы тиіс. Сонымен қатар заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес әкімдіктер екі жыл ішінде барлық су қорғау аймақтары мен белдеулерін нақты белгілеуі қажет. Бұрынғы кодексте су қорғау аймақтары туралы норма болғанымен, оларды іске асыру тетіктері айқындалмаған еді. Сондықтан шағын өзен, көлдер, батпақты аумақтар мен мұздықтарды қорғау шаралары да күшейтілді. Айта кетейік, 2027 жылға дейін 10 өңірде 51 өзен мен бір көлдің 815 шақырымнан астам бөлігі қалпына келтіріледі.
Ерболат Нысанбай, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі су саясаты департаментінің бас сарапшысы:
- Ескі су кодекстерінде судың бірінші экономикалық мақсаттарда пайдалануды бірінші орынға қойып, соңынан қанша қалу керек екенін кейін шешілетін. Басты экономикалық қажеттіліктер бірінші тұратын. Ал жаңа су кодексінде керісінше, енді экожүйені ұстап тұру үшін өзендерде қалатын минималды экологиялық ағын бірінші қалады, пайдаланатын боламыз.