Елде ЛГБТ-ны насихаттағаны үшін 20 АЕК-ке дейін айыппұл салынады

  • 4
  • 02.12.2025, 18:42

Сенатта Педофилия мен дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын контентті шектеу жөніндегі нормалар қаралды. Кімде-кім мұндай материалды бұқаралық ақпарат құралдары, телекоммуникациялық желілер және онлайн платформаларда жарияласа және оған шағым түсетін болса, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Заңбұзушылық қайталанған жағдайда 10 тәулікке дейін қамауға алынады.

Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Мәдениет туралы заңға, сондай-ақ Білім туралы заңға, Балалрдың денсаулығын қорғау туралы заңға, Онлайн платформа және онлайн жарнама туралы заңға, Кинематография туралы заңдарға дәстүрлі емес сексуалды бағдарды, педофиляны насихаттауды шектеу айқындалып отыр.