Бүгін – Халықаралық мүгедектер күні. Елімізде 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның 414 мыңы, яғни 55,7% еңбекке қабілетті жаста, ал 213 мыңға жуығы зейнеткер, қалғаны 18 жасқа дейінгі бала. 1 қарашадағы жағдайға сәйкес 543 мыңға жуық адам мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады. Сондай-ақ жыл басынан бері аталған жәрдемақыны төлеуге республикалық бюджеттен 424 млрд теңге бөлінген. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасы енгізілді.