Алматыда «инватакси» паркі жаңа көліктермен толығып, жалпы саны 170-ке жетті. Нәтижесінде, арнайы таксиді қолданатын мүмкіндігі шектеулі жолаушылардың саны 2 мыңнан 3,5 мыңға дейін өскен. Сонымен қатар инватакси қызметін пайдаланушылар санаты артты. Енді даун ауруына шалдыққан балалар да әлеуметтік такси шақыра алады. Келесі жылдан бастап психикалық ауытқуы бар бүлдіршіндерді де тасиды. Сонымен диспетчерлік қызмет автоматтандырылады. Осылайша, инватаксидің жүрісі онлайн бақыланып, қызмет көрсету жылдамдығы арта түседі.
Аманат Сұлтанғазиев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
-Көлік министрінің 859-бұйрығында инватакси қызметін көрсету ережесі жазылған. Бұл қызметті мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік тапсырыс арқылы жүргізеді. Оның талаптыры мынадай; мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көлік, материалдық-техникалық база, диспетчерлік қызмет пен тәжірибелі жүргізушілер болуы керек.