Бұл туралы Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков есептік кездесуінде айтты. Оның сөзінше, қазір облыс орталығынан 4 бағытта авиамаршрут ұйымдастырылған. Теміжол вокзалдарын жөндеу де қолға алыныпты. Жезқазғаннан бөлек, Қаражал қаласында, Жаңаарқа ауданы мен Қызылжар елді мекенінде де қазір құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ өңірде ұзындығы 316 шақырымға жететін Қызылжар-Мойынты теміржол желісінің құрылысы басталды.
Дастан Рыспеков, Ұлытау облысының әкімі:
-Облыс құрылғаннан бері 549 шақырым автомобиль жолдары және 4 көпір жөнделді. Ағымдағы жылы өңірдің көлік логистикалық әлеуетін дамыту мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттерден 129 млн теңгеден аса сомаға жалпы ұзындығы 261 шақырым жолға реконструкция және жөндеу жұмыстары жүргізілді.