Жұмысшы мамандықтары жылы аясында елордада X республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты салтанатты түрде ашылды. Биыл додаға еліміздің барлық өңірінен 825 қатысушы және 719 сарапшы қатысуда. Чемпионат техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және кадр даярлау сапасын көтеруге бағытталған. Сайыстар өндіріс, инженерия, IT, сервис, құрылыс, әлеуметтік қызмет және креативті индустрия бойынша өтеді. Яғни 45 саланың үздіктері анықталады. Айта кетейік, аталмыш дода 9 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ақзира Қасымова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары:
-Бұл чемпионаттың биыл мерейтойы. WorldSkills қозғалысына біздің еліміз мүше болғалы 10 жыл толып отыр. 10 жылдың ішінде біздің еліміз бірнеше жетістіктерге жетті. Айта кетуі керек күміс, қола, мадельондармен осы жұмысшы мамандықтарының арасындағы додада біздің балаларымыз елдерінің арасында Қазақстанның абыройын арттырды деп айтсақ болады. Осы WorldSkills чемпионатының арқасында біз оқу бағдарламаларына халықаралық стандарттарды енгізіп отырмыз.