Тұрмыстық зорлық-зомбылық 20 пайыз азайған. Орталық коммуникациялар қызметінде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» науқаны жайлы баспасөз жиыны өтті.
Біздің кейіпкер бүгінде екі баласын ертіп, дағдарыс орталығын, «Аналар үйін» паналап жүр. Себебі оның өзге баратын жері, басатын тауы жоқ. Кезінде ең жақыны, қорғаны боламын деген күйеуі бүгінде қауіпті адамға айналған. Бұл психологиялық зорлық-зомбылық. Елдегі дағдарыс орталықтарында осындай шарасыз күйге түскен қыз-келіншектер аз емес. Әйел мен бала үшін үй ең қауіпсіз орта болу керек еді, алайда статистика өзгені көрсетіп отыр. Жуырда ғана жарияланған ұлттық баяндаманың нәтижесі бойынша, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 80% жуығы әйелдерге, ал 30% астамы балаларға жасалады екен. «Алайда Президент былтыр қол қойған әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңдар қазірдің өзінде нәтиже беріп отыр»,- дейді мамандар.
Ақмарал Серікбаева, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция полковнигі:
-Кісі өлтірудің өзі 26% төмендеді, орташа ауырлықтағы деген жарақатын келтіру жалпы барлық орташа ауырлықтағы қылмыстармен ауыр қылмыстардың барлығы 20 пайыздан 50 пайызға дейін төмендеді.
«Дегенмен ел арасында әлі де ақпараттандыру аз»,- дейді депутаттар.
Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Өйткені шалғай ауылдарда әсіресе аймаққа шыққан кезде бір көре аламыз. Қарапайым ауыл әйелдері өздерінің құқықтарын әлі білмей жүр. Мысалы, заңға қандай өзгерістер енгізілді, менің мұдделеріміді заң қалай қорғай алады деген сияқты. Олар соны білмейді.
Сондай-ақ сарапшылар әсіресе заңгерлер бүгінде цифрлық зорлық-зомбылықтың белең алып бара жатқанын айтып, дабыл қағып отыр. Ал депутаттар тарапынан елдегі дағдарыс орталықтарын көбейтіп, ондағы аналарды 6 ай ғана емес, одан ұзақ мерзімге қалдыру тетіктерін қарастыру керек деген ұсыныстар айтылды.
Алуа Маханбет, Ержан Рахманбердиев, Мейрамбек