Елімізде жаңа уран кен орындарын барлауға басымдық беріледі

  • 5
  • 04.12.2025, 18:31

Осыған байланысты Сенатта «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске өзгертулер мен түзетулер енгізу туралы заң жобасы мақұлданды. Құжатта аз зерттелген аймақтар деген ұғым бар. Тап  осындай учаскелерде барлау және байыту жұмыстарын жүргізуге басымдық беріледі. Сонымен қатар уран өндіруші ұлттық компанияның рөлін күшейту көзделген.

Айта кетейік, елімізде 2 млн тоннадан асатын уран қоры және оны өндіретін 12 компания бар. Бірқатары Жапония, Қытай, Франция және Канадамен бірлескен кәсіпорын.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:   

- Жаңа нормалар еліміздегі көмірсутектерді геологиялық барлау ісін одан әрі дамытуды көздейді. Осы мақсатпен мұндай аумақтарда зерттеулер жүргізу үшін инвесторларды ынталандыру шаралары қарастырылды. Сонымен қатар уран өндіру саласында ұлттық мүдделердің ескерілуін қамтамасыз ететін нормалар бар. Жалпы заң көмірсутектер мен уран өндірісі сияқты жетекші салалардың тұрақты дамуына оң септігін тигізеді деп сенеміз.