СҚО-да рекордтық көлемде астық жиналды

  • 5
  • 04.12.2025, 18:42

Заманауи сүт фермаларын іске қосу қарқыны бойынша да елде көш бастап тұр. Бұл туралы өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қатысуымен өткен брифинг барысында белгілі болды.

Жыл басынан бергі 10 айдың қорытындысы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс секілді салаларда өсім барын көрсеткен. Аймақта су тасқынына қарсы шаралар белсенді жүргізіліп жатыр. Петропавл қаласы мен оның маңындағы елді мекендерді Есілдің суынан қорғау үшін кешенді жұмыс қолға алынған. Заречный ауылы су басу қаупі жоғары деп танылғандықтан, оның тұрғындарын көшіру үшін 90 пәтерлі бесқабатты үй салынып жатыр. 

Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Облыс орталығында және Қызылжар ауданында бөгеттерді қайта жаңарту аяқталуда. Барлық бөгеттердің биіктігі Балтық жүйесі бойынша 102,2 метрге жеткізілді – бұл 2024 жылмен қарастырғанда, су тасқыны деңгейінен 1,5 метр жоғары. Жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жергілікті бюджет есебінен Есіл жайылмасындағы тұрғын үйлерді қорғау үшін екі жер қорғаны салынды.