Оған тарихшылар, дизайнерлер және мемлекеттік рәміздерге жауапты мамандар қатысты. Іс-шарада өңірлік брендтердің мазмұны мен оларды қолдану тәртібі талқыланды. Мәдениет және ақпарат министрлігі бекіткен жаңа қағидатқа сай, аймақтар өңірдің тарихы, мәдениеті мен географиялық ерекшелігін ескеруге тиіс. Ұсынылған нышандар алдымен қоғамдық талқылаудан өтіп, содан кейін ғана бекітіледі. Ал келер жылдың соңына дейін облыстар мен ірі қалалар өз брендін нақты қабылдауға тиіс.
Әсел Құлмағамбет, Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы:
- Мысалы, біз Қостанай облысы болсақ, өңірлік нышанды біз сол республикалық сараптамалық кеңеске ресми түрде жолдадық. Олардан біз өзгерту керек деген жауап алдық. Қазіргі таңда Қостанай облысында өңірлік нышанды қайта қарастыру, қайта байқау жариялау туралы шешім қабылданып жатыр.