Елордада «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысының осы жылғы қызметі қорытындыланып, жетістікке жеткен сарбаздар марапатталды. «286 мыңнан астам жасөспірім мүше болып отырған ұйым, жастар арасында тәртіп пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға сеп болып отыр»,– дейді Қорғаныс министрлігінің өкілдері. Сондай-ақ бүгінгі басқосуда заңнамаға енгізілген өзгертулер турады айтылды. Атап айтқанда, қазіргі «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні қайтадан «Алғашқы әскери дайындық» пәні деп аталатын болды.
Тілеухан Басқожаев, ҚР ҚМ Тәрбие және идеология жұмысы департаментінің бастығы:
- Біраздан бері талқыланып жүрген бұл алғашқы әскери дайындық пәнін, сабақтарын мысалы 36 сағатқа дейін қысқарып кеткен еді. Қазір сол 96 сағатқа өзгертіп жатыр. Жалпы кәсіби мамандар, жалпы әскери салада 10 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар ғана осы пәннен сабақ беретін болады.