Шымкентте тәрбиешілерге ₸860 млн әлеуметтік төлемдер жасалмаған

  • 8
  • 08.12.2025, 18:36

Салдарынан балабақша қызметкерлерінің зейнетақы жарналары мен медициналық сақтандыру төлемдері тоқтап, жалпы берешек сомасы 860 миллион теңгеден асқан. Тәрбиешілердің шағымы қоғамдық кеңестің отырысында қаралды. Жергілікті билік өкілдеріне кемшілікті жоюға нұсқау берілді. Мәселені шешу үшін қордаланған қарыз үнемделген қаражат есебінен өтелетін болды. Осыған байланысты арнайы тексеру тағайындалды. 

Бекжан Тайғашев, қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары: 

- Қарыздың қалай шыққаны, неге жыл басында берілген жоспар бойынша қаражаттың қайда жұмсалғаны, тиісті деңгейде жұмсалған-жұмсалмағаны туралы жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта қарызды өтеу туралы ұсыныс берілді. Бізде үнемделген қаржылар бар. Сол балабақшаның қарыз сомасына қарай ауыстыру бойынша.