Бұл «Қаладан ауылға» жобасының алғашқы нәтижелері. Өңір әкімі Нариман Төреғалиевтің сөзінше, қоныс аударған отбасылар баспанамен қамтамасыз етілді. 200-ден астам азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, ауылды дамытуға атсалысып жатыр. Олардың арасында дәрігер, мұғалім сияқты ауылдық жерде тапшы деген мамандық иелері мен өз кәсібін ашқан азаматтар да бар.
Нариман Төреғалиев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:
- Сосын олардың алдарына біз спонсорлық көмек ретінде мал салып беріп отырмыз. Яғни осы арқылы өзінің кәсібін жалғастыруға. Сонымен қатар әртүрлі мемлекеттік қолдау шаралары арқылы оларды мемлекеттік бағдарламаларға қатыстырып, қазір өз кәсіптерін ашып жатыр.