Түркістан облысында құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Яғни өңірде қосымша 6,5 мың жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров брифингте айтты. Ал жыл басынан бері өңірде соның 22-сі іске асып, 2,5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Еліміздегі жылыжайлардың 71% Түркістан облысының еншісінде. Биыл оның да аумағы кеңейіп, өнім арта түскен. Үнемдеу технологиясының арқасында су тапшылығы да азайып келеді. Бірақ өңірде әлі де түйінді мәселе аз емес. Соның бірі шалғай ауылдардың білім ошақтары мен жолдарды ғаламтормен қамту.
Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі:-Бұл бағытта біз соңғы екі жылда қарқынды жұмыс жасаған болатынбыз. Қазір бізде мемлекеттік мектептердің барлығы 100% интернетпен қамтылып отыр. Шағын алыс орналасқан мектептерде Starlink-пен отырмыз. Бірақ та биылғы жылы біз «Қазақтелекоммен» келісімшартқа отырдық. Осы шалға тек қана мектеп емес, ауылдардың барлығын қамту бойынша екі жылда жоспарымыз бар. Интернетпен қамтамасыз ететін боламыз.