Астанада WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті

  • 9
  • 09.12.2025, 18:40

Елордада WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Биылғы чемпионат IT-технологиялар, инженерлік мамандықтар, құрылыс, дизайн және басқа да бағыттарды қамтитын 45 құзыретті біріктірді. Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 800-ден астам колледж студенті қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша 53 алтын, 55 күміс, 59 қола және 213 «Ерекшелік» медалі табысталды. Алдағы уақытта осы нәтижелер негізінде ең үздік қатысушылар іріктеліп, ұлттық құрама жасақталады. Олар 2026 жылы Қытайда өтетін WorldSkills International чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. 

Санжар Тәтібеков, «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті:

-Биылғы жылдың ерекшелігі құзіреттіліктер санының өсуі. Енді жұмысшы мамандықтар жылында 3 түрлі спиральмен жұмыс істейтін болсақ, мемлекет, білім беру ұйымдары және сонымен қатар бизнес десек, бұл WorldSkills-та да осының нәтижесін көрсете алдық. Мына балаларымыз 80-90
% жұмысқа орналасатындай шамада болып тұр. 200-ден астам кәсіпорын бұларды жұмысқа алуға ниетті.