Қазақстан армиясы отандық техникамен толығуда. Жауынгерлік машиналар, заманауи модульдер мен оларға қажетті электроника қазір Қазақстанда шығарылады. Мамандар бұл қорғаныс саласындағы шығынды азайтып, ел экономикасына оң септігін тигізіп отырғанын айтады. Тағы бір жаңалық әскери борышын өтеп жоғарғы оқу орнына грантқа түскен жастар қатары артып келеді. Әр елдің ауа райы, жер қыртысы, жыл мезгілі мен жауынгерлік әдісіне байланысты өзіндік ерекшелігі бар. Жаңа техникалар осы талаптарды ескере отырып әзірленген. Соңғы онжылдықта Қазақстанда әскери көліктің 5 түрі шығарылған. Биыл осы сапқа тағы біреуі қосылыпты. Ол әлемдік стандарт бойынша әзірленген.Ернұр Нұрғалиев, әскери техника кәсіпорнының өкілі:-Өзіміздің сынақ полигонында одан кейін Қапшағайдағы су қоймасында Іле өзенінен өтіп көліктің Қазақстан қарулы күштерінің талаптарына сәйкес келетінін дәлелдеп бердік. Оның басты артықшылығы ұтқырлығында. Суда да, құрлықта да соғыс жүргізуге ыңғайлы. Минаға қарсы қорғанысы мықты. 10-нан 50 келіге дейін тратилді жару арқылы машинаның мүмкіндігін көрді. Сол кезде ішіндегі экипаж аман қалатындығы дәлелденді.Айта кетейік сарапшылардың бағалауынша қазақ армиясының қолданысында қазір Қазақстанда құрастырылған 400-ден астам техника бар. Кәсіпорындар олардың сұранысына тағы жаңа үлгілерді жасауға кірісіпті. Алғашқы легін келесі жылы таныстыру жоспарда.3 300 сарбазға білім гранты берілдіКелесі жаңалық әскерге барып, тегін білім алуға қатысты. 2023 жылдан бері Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтарға білім грантын беру бағдарламасы іске қосылды. Биыл соның саны артыпты. Нақтырақ айтсақ, 3300 жасқа тиісті сертификат берілген.Рүстем Төлегенов, ҚР ҚМ департамент офицері:-Қазіргі кезде 700 сарбаз сол мүмкіндікті пайдаланып жоғарғы оқу орнына түскен. Сарбаз өзінің дайындығы, құқықты жақсы білуі, қызметтік міндеттерін жақсы атқаруы нәтижесінде мемлекеттік грантқа ие болатын жақсы мүмкіндік бар. Грант алмаған жағдайда емтихан тапсырмай оқуға түсе алады.Несиені кейінге қалдыру. Бұл да мерзімді әскери қызметшілер үшін жасалған жаңа мүмкіндіктің бір түрі. Тиісті заң былтыр күшіне енген. Биыл әскерге шақырылғандардың 19 мыңы осы мүмкіндікті пайдаланыпты. Олардың берешегі 8,5 миллиард теңгеден астам.Ердәулет Ыбырайұлы, Әлібек Әлиев