Келер жылдың бірінші тоқсанынан кейін коммуналдық қызмет тарифтері шамамен 10-12% дейін өсуі мүмкін. Тәуелсіз сарапшы Асхат Жапсарбайдың сөзінше, бұған қосылған құн салығының 12-ден 16 процентке көтерілуі себеп болмақ. Сондай-ақ тозған инфрақұрылымды жөндеуге бағытталатын қаражат пен сала қызметкерлерінің жалақысындағы өзгеріс те әсерін тигізеді. Бірақ тариф деңгейінің одан артық өсуі мемлекеттік органдар мен Үкіметпен тежеледі. Соның өзінде бағаның өсуі сапаны айтарлықтай арттырмауы мүмкін. Сондықтан тариф белгілеуде ынталандыру тәсілін қолданған дұрыс дейді.
Асхат Жапсарбай, тәуелсіз сарапшы:-Табиғи монополиялар субъектісінің неғұрлым сапасы дұрыс болатын болса, неғұрлым тұтынушылардың құқығын бұзбайтын болса, мүдделерін бұзбайтын болса, сонда тариф өседі. Егер де сапасы нашар болатын болса, құқықтарын бұзатын болса, энергетика саласына немесе жылу саласында көрсетілетін қызметтер тоқтап қалатын болса негізсіз, тарифтің төмендеуіне алып келеді. Сондықтан менің ойымша, ҚР ынталандыру тәсілімен бекітілетін тарифтерді көбірек бекіту керек.