Бюджет шығындары 1,5 трлн теңгеге артық жоспарланғаны анықталды

  • 29
  • 10.12.2025, 18:40

Алдағы 2 жылға арналған бюджет шығындары 1,5 трлн теңгеге артық есептелген. Жөнсіз шығындарды ішкі мемлекеттік аудит комитетінің қызметкерлері анықтады. Олар алаяқтық схемаларды «Онлайн бюджет мониторингі» атты цифрлық модуль арқылы әшкерелеген. Ең көп заңбұзушылық әлеуметтік салада тіркелген. Шамамен 1,4 млрд теңге. Әсіресе, жалақы төлеу кезінде алаяқтық көп болған. Антикөшбасшылар қатарында 23 млрд теңгені артық алған ауыл шаруашылығы саласы да бар. Соның бір мысалы – «Ауыл аманаты» бағдарламасы. Ел бойынша шамамен 2 мың адамға 13 млрд теңге көлемінде несие берілген. Алайда олардың жобалары ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты болмай шыққан. Дәл осындай жағдай жол саласында да тіркелген. 

Ержан Мыңжасаров, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы: 

-Жол салаларында біз байқағанымыз, былтыр жылдың аяғында желтоқсан айында бюджеттік қаражат 4,5 млрд-қа жуық компанияларға аударылып кетті деп.  Жұмыс істелмей жатқанның өзінде. Өздеріңіз білесіздер, желтоқсан айында жол құрылысы деген екеуі бір-біріне тура келмейтін жағдай. Оның барлығын біліп отырып, соны тексерген жағдайда осындайды білдік. Ол жерде бір емес, бірнеше компания болған.