eGov-қа кіру тәртібі өзгерді

  • 31
  • 10.12.2025, 18:44

Енді Еgov-қа тек Face ID-мен кіру керек болады. SMS-тегі кодты теру жеткіліксіз. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бас Прокуратурамен бірлесіп, жаңа шаралар енгізді. Бұл алаяқтардың әрекетінен қорғану үшін жасалып отырған амал. Биылғы жылдың желтоқсан айынан бастап міндеттелген талапты орындамаған ақпараттық жүйелер, 1414 хабарламаны пайдалану қызметінен ажыратылады.  

Айнұр Юсупова, ҚР ЖИЦДМ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төрағасы:

-
Кіру үшін сол сервистерге сол 1414-тен келетін бір реттік SMS кодты қолданатын. Бірақ мұны көптеген азаматтар өзінің пайдасына асыра бастады. Алаяқтарға тек жәбірленушінің нөмерін енгізсе, SMS код келіп түсетін. Содан кейін олар біз мемлекеттік қызметтенбіз, мемлекеттік органнанбыз, жеткізу қызметіненбіз деп хабарласып, өзін басқа адам ретінде таныстырып, кодты айтуды сұрайтын. Кез келген ресурстарға кіру үшін сіз өзіңіздің сіз екеніңізді дәлелдеу үшін бірінші қадам биометрия арқылы ЭЦҚ немесе Еgov, QR арқылы кіресіз.