Әди Шәріповтің рухы ұлықталды

  • 8
  • 10.12.2025, 18:28

«Жақсылыққа жаралған жүрек». Алматыда көрнекті жазушы, мемлекет қайраткері, партизан Әди Шәріповтің өміріне арналған шығармашылық байқау өтті. Оқушылар соғыс ардагері туралы эссе жазып, батырдың ерлігі жайында бейнебаян түсірді. Әди Шәріповке арналған өлеңдерді де оқыды. Олардың өнерін жазушының жұбайы Клара Мыңжасарова, білім басқармасының басшылығы мен ғалымдар бағалады. Жүлдегерлер арнайы дипломмен марапатталды.  

Клара Мыңжасарова, Әди Шәріповтің жұбайы: 

-Халқыма рақмет, мен Әди кеткелі ешқандай енді артық айтпаймын, көп қиыншылық көргем жоқ. Қай жерге кіріп барсам орындарынан атып тұрып құрмет көрсетеді. Өздеріңіз білесіздер қандай көше берілді, анау ескерткіш қандай?! Рас қой енді. Содан кейін мынау мектеп қандай?


Алтынай Нұрланқызы, Әди Шәріпов атындағы №16 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары:

-Негізгі мақсаты оқушылардың интеллектуалды, шығармашылық әл-ауқатын арттыру болып табылады. Сонымен қатар «Адал азамат, біртұтас тәрбие» бағдарламасында көрсетілген негізгі құндылықтарды дәріптеу болып табылады. Сонымен қатар партизан, қаһарман, қоғам қайраткері Әди Шәріповтың шығармашылығы, өмірі, батырлық ерлігін нәсихаттау болып табылады.