Dala SK Construction және оған байланысы бар бірқатар компания екі жыл бойы рұқсатсыз құрылыс жүргізіп, пәтерлерді арзан бағамен жарнамалап, тұрғындардың қаржысын заңсыз тартқан. Алайда Irtysh Riverside тұрғын үй кешенінің жоспарланған алты мұнарасының тек біреуінің ғана қаңқасы тұрғызылған. Сот тыйымдарына қарамастан, компания 64 азаматпен жалған брондау шарттарын жасасуды жалғастырған. Заңсыз түскен қаражат Өскемен қаласындағы басқа да байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, онда да заңсыз құрылыс жұмыстары жүргізілген. Іс сотқа жолданды.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Залалды өтеу және үлескерлердің мүдделерін қорғау мақсатында күдіктілердің мүлкіне 2 пәтерге, 10 жер учаскесіне және 6 автокөлікке тыйым салынды. Ұйымдастырушы қамауға алынды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.