Қызылорда облысында қайтарылған активтер ел игілігіне жарады

  • 8
  • 11.12.2025, 18:37

 Қызылорда облысының Арал ауданындағы Ерімбетжаға және Тоқабай елді мекендері орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды. Бұған дейін бұл елді мекеннің мыңнан астам тұрғыны тіршілік нәрін құдықтан тасып ішіп келсе, енді әр үйге таза су құбыры тартылды. Мамандардың айтуынша, бұл мақсатқа бөлінген қаржының бір бөлігі қайтарылған активтер есебінен алынған. Мемлекет басшысы елімізді 2025 жылға қарай 100 пайыз сапалы ауызсумен қамтуды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, өңірде 2022 жылдан бері құны 14 млрд теңгені құрайтын 60 жоба қолға алынды. Былтыр облыста орталықтандырылған ауызсумен қамту көрсеткіші 98,6 пайызға жеткен. Биыл өңірде 9 елді мекенге таза ауызсу жеткізу жоспарланған.

Медет Усаин, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Қазір 9 жобаның сегізі құрылыс жұмыстары толық аяқталып, 8 елді мекенге ауызсу беріліп отыр. Бізде соңғы Абай елді мекені бар. Абай елді мекенінде қазіргі таңда жұмыстар аяқталу барысында. Жыл соңына дейін толық аяқтайтын боламыз. Нәтижесінде Қызылорда облысы барлық елді мекендері 100 пайыз ауызсумен қамтамасыз етілетін болады.