Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Атырау облысында жаңа модульдік өрт сөндіру пункті ашылды

  • 1028
  • 11.12.2025, 18:41

Мәселен, Атырау облысында төрт мыңнан астам тұрғыны бар бес ауылдың қауіпсіздігін қамту үшін жаңа модульдік ерікті өртке қарсы құралым пункті ашылды. Нысан өңір орталығынан 500 шақырым қашықтықтағы Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылында салынды.

Қысқа мерзімде салынған екіқабатты ғимаратта демалыс, оқу-жаттығу сыныбы, санитарлық-гигиеналық аймақ, кезекші- диспетчер сынды қажетті бөлмелер бар. Бөлімшеге екі өрт сөндіру көлігі де берілді.

Айта кету керек, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында биыл ел аумағында 106 өрт сөндіру пункті құрылды. Жыл соңына дейін тағы 43-і пайда болмақ.