Кеден бекеттері жаңартылып жатыр

  • 8
  • 11.12.2025, 19:05

Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған. Биылғы жоспар бойынша 9 шекара кеден бекеті және электронды кезек жүйесі жаңартылды.

Ұлдана Сүлеймен, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма сарапшысы:

- Қаржы министрлігі Еуразиялық экономикалық одақтың Қазақстан учаскесінде кедендік шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту жобасын жүзеге асыруда. Жаңғырту тоғыз автомобиль өткізу пунктін қамтиды. Оның ішінде төртеуі Қытай Халық Республикасымен шекарада. Алакөл, Қалжат, Майқапшағай және Бақты. Төртеуі Өзбекстан Республикасымен шекарада. Атланбек, Қазығұрт, Атамекен және Тәжен. Біреуі Түрікменстан Республикасымен шекарадағы – Темірбаба.