Осы үдерістерді жүйелеуге арналған Цифрлық кодекс қазір Сенаттың қарауында. Құжат деректер қауіпсіздігі мен цифрлық құқықтарды қорғауға бағытталған жаңа нормаларды қамтиды. Сарапшылар: «Кодекс қабылданса, жеке деректердің қорғалуымен қоса, халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі де едәуір артады», - деп отыр.
Айгүл Жүргенова, ҚР ЖИЦДМ Архитектура және цифрлық трансформация саясаты департаменті директорының орынбасары:
- Адамдардың цифрлық жүйедегі құқықтарын белгілейді. Негізі Цифрлық кодекстің негізгі элементтерінің бірі – ол азаматтардың сәйкестігі, деректердің құпиялылығы. Азаматтар дербес деректердің субъектісі ретінде өздерінің дербес деректерін жоюға, анонимдеуге, оларды жөндеуге шектеу қоя алады.