Олардың қатарында Кентау, Риддер және Екібастұз станциялары бар.
Бұл туралы Энергетика министрі ведмосва жұмысын қорытындылау жиынында мәлімдеді. Қазір жылу электр орталықтары жабдықтарының жалпы тозуы азайып, 61%-ға жетіпті. «Бұл ұзақ жылдардан кейінгі ең жақсы нәтиже», - дейді. Жоспарланған барлық жөндеу шаралары орындалыпты. Ал келесі жылдан бастап жылумен қамтамасыз ету схемаларын қайта қарау бойынша пилоттық жоба қолға алынады. Ол үшін Жамбыл облысы мен Шымкент қаласы таңдалыпты.
Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:
- 323 километрлік жылу желілерін ауыстыру нәтижесінде тұтынушылар тұрақты жылумен қамтылуда. Иинфрақұрылымның тозуы 52%-ға төмендеді. Инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Мәселен, 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газотурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді.