Қостанай облысындағы «Варваринское» Акционерлік қоғамы аумағында қуаты 22,6 мегаватт болатын күн электр станциясының құрылысы аяқталды. Елдегі ірі алтын-мыс кең орнын игеретін кәсіпорын, енді «жасыл» электр энергиясын пайдаланатын болды. Ал бұл жоба Солтүстік Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы ірі нысан болмақ.
Күн электр станциясы көміртексіздендіру бағдарламасы аясында салынып отыр. Станцияның жыл сайынғы өндірісі шамамен сағатына 28,5 млн киловатты құрайды. Яғни кәсіпорын күндізгі уақытта толықтай жаңартылған энергия көздерін пайдаланады. Ол үшін 36 000-нан астам дана күн панелі орнатылған. Ал жобаны Solidcore Resources компаниясы іске асырған.Виталий Несис, Solidcore Resources компаниясының бас атқарушы директоры:-Біз өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайтуға және оның энергиялық тиімділігін арттыруға тырысамыз. Жаңа күн электр станциясы бізге осындай мүмкіндік береді. Бұл біздің Қостанай облысының дамуына қосқан кезекті үлесіміз.Яғни кәсіпорынның жанама парниктік газдар шығарындылары 50% төмендемек.Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:-Бүгінгі күні облыс бойынша жалпы 6 жоба іске асырылып жатқанын айтқым келеді. Соның ішінде 4-уі ол жел электр станциясы, бір газ поршеньді және де бүгін ресми түрде біз облысымыздағы алғашқы күн станциясының ашылуына жиналып отырмыз. Құйылған инвестиция көлемі 560 млрд теңге.Ал келер жылы қуаты 40 мегаватт болатын манёврлі газ поршеньді электр станциясы іске қосылмақ. Газ станциясы күннің көзі жоқ кезде кәсіпорынның электр энергияға деген қажеттілігін жабады. Бұдан бөлек, қауырт кезде қосымша энергия көзі бола алады.Алуа Маханбет, Ермек Мұхамедьяров