СҚО-дағы «Мамлютка - Қостанай» бағыты жөнделді

  • 30
  • 15.12.2025, 18:43

 Өңірде республикалық маңызға бар «Мамлютка - Қостанай» тасжолы орташа жөндеуден өтті. Еліміздің 3 бірдей аймағын байланыстыратын бағыттың жалпы ұзындығы – 64 шақырым. Жоба құны – 7,5 млрд теңге. Бұл көліктік инфроқұрылымды дамытып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар транзиттік дәліз бойынша жарықшамдар орнатылып, жолаушылар тынығатын орын мен заманауи санитарлық-гигиеналық торап салынды.

Қанат Өсербаев «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

- Екіқабатты асфальтобетон төселді. 3 аялдама салынған болатын. 13 құбыр салынған. Оның алтауына жөндеу жүргізілді және 7-еуі жаңадан салынған болатын. Қазіргі уақытта осы тасжол енді пайдалануға беріліп жатыр.