Қазақстандықтардың 71% ел дұрыс бағытта дамып келе жатыр деген пікірде. Сондықтан болар тұрғындардың 77% Президенттің жүргізіп отырған жұмысын қолдайды. Мұны Ұлттық талдау орталығы өткізген сауалнама көрсетіп отыр. Осы жылға берілген оң баға да басым. Атап айтқанда, респонденттердің тек 11% 2025 жылды сәтсіз деп бағаласа, 37%-і оны табысты жыл деп атаған. Сауалнамаға қатысқандардың 52% жылды тұрақты кезең деп сипаттаған. Ал жылдың ең жарқын әрі айтулы оқиғалары деп, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» футбол командалары арасындағы тарихи матч пен әлем жұлдыздарының концерті және мерейтойлық іс-шаралар, сондай-ақ Мемлекет басшысының халықаралық деңгейдегі кездесулерін атап өткен. Цифрландыру саласындағы жаңашылдықтар мен жаңа мектептер және ауруханалардың ашылуын жыл жетістігі деп көрсеткен.