Электросамокат міну тәртібі күшейтіледі

  • 17
  • 18.12.2025, 18:30

Тіпті үш азамат қаза тауыпты. Осыны ескере отырып енді қос дөңгелекті көлікті міну тәртібі күшейтіледі. Сенат депутаттары тиісті түзетулерді мақұлдады. Құжатта электросамокаттарға арнайы нөмір тағу көзделген. Шағын қозғалыс құралы болғанымен, ол да адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруде. Сондықтан оны ендігі уақытта 18 жасқа толмаған және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамның тізгіндеуіне рұқсат етілмейді. Тіпті жалға алып мінушілер де осы талапқа бағынуы тиіс. Сонымен қатар депутаттар «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» заңды және оған ілеспе заңдарды қарап, мақұлдады. Бұл құжаттар азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін арттыруға, зорлық-зомбылық пен құқықбұзушылықтарға төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Қаралған заң қоғамда осы қағиданы орнықтырудың маңызды құқықтық тетігі болуы тиіс. Заңның басты міндеті – құқықбұзушылықтың алдын алуда адам құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Ілеспе заңдардың аясында негізгі заңды жүзеге асыруға арналған, сондай-ақ өзге де маңызды нормалар топтамасы қамтылды. Заңдардың қабылдануы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.