Шымкентте 15 құрылыс компаниясы жауапқа тартылды

  • 18
  • 18.12.2025, 18:37

Осыған байланысты олардың басшысына хаттама толтырылып, әрқайсысына 9 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Тексеру барысында олар көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысын мемлекеттік органдардың кепілдігінсіз бастағаны анықталды. Сондай-ақ бірқатар заңнама талаптарын өрескел бұзған. Мердігерлерге тұрғын үй операторы немесе әкімдіктен арнайы рұқсат құжат алуға нұсқау берілді.

Жалпы биыл арнайы мониторингтік топ 185 құрылыс нысанын тексерген. Сот шешімімен заңсыз салынған төрт нысан сүрілді.

Алдияр Мұсабаев, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Заңсыз салынған құрылыстардың барлығына біз тұрғындардың наразылығымен және мониторингпен сотқа талап-арыз жолдап отырамыз. Биылғы жылы 25 талап-арыз жолданды. Жалпы нысандардың құжаты бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, 41 нысанға айыппұл салынды.