Жаңа жыл қарсаңында Петропавл бірыңғай үлгіде безендірілді

  • 7
  • 19.12.2025, 18:57

Жаңа жыл қарсаңында Петропавл қаласы ертегі бейнесіне енді. Бір ерекшелігі, биыл облыс орталығы бірыңғай үлгіде безендірілген. Қалада дәстүрлі шыршалар, сәулелі шамдармен қатар, жұртшылыққа кеңінен таныс көркем шығарма кейіпкерлерінің сұлбасы орнатылды. Саябақтар мен алаңдарда мұз айдындары құйылған. Жаңажылдық демалыс орны ретінде белгіленген он аумақты безендіруге жергілікті кәсіпкерлер атсалысты. Қаланың көз тартатын көркем келбеті үлкеннің де, кішінің де көңілінен шықты.