Астанадағы LRT-ның сынақ режимі екі айда аяқталады

  • 8
  • 22.12.2025, 18:55

Келер жылдың көктемінде елордалықтар LRT игілігін көре бастайды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі жылды қорытындылауға арналған брифингте мәлімдеді. Айтуынша, санаулы күнде қажетті вагондар толықтай жеткізіледі. Жеңіл рельсті көлікті сынақтан өткізу алдағы екі айда аяқталады. Бұл жұмыстар қыркүйек айында басталған. «Барлығы сәтті өтсе, LRT-ға мінетін күн алыс емес», - деді шаһар басшысы.

Елорда халқының саны 1,6 млн

Жеңіс Қасымбек жеткізген жағымды жаңалықтың тағы бірі – бас қаладағы халық саны 1,6 миллион адамнан асты. Орта есеппен тұрғындар саны жыл сайын 100 мыңға артып келеді. Демек, инфрақұрылымдық жобаларды неғұрлым тезірек іске қосу мағызды міндетке айналды.

Жеңіс Қасымбек, қала әкімі:

- Біз бастапқыда сынақ режимі алты айға дейін созылатынын айтқан едік. Қазір бұл жұмысты алдағы екі айдың ішінде толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін LRT тұрақты режимінде іске қосылады. Ол Есіл және Нұра аудандарындағы көлік жүктемесін жеңілдетеді. Қазір станциялардың ішкі жұмыстары да аяқталуға жақындап қалды.