22 желтоқсан – Энергетик күні

  • 11
  • 22.12.2025, 18:35

Бұл өзгеріс 2025 жылғы 30 шілдеде қабылданған бұйрыққа сәйкес енгізілді. Энергетика саласы – ел дамуының негізгі тірегі. Себебі энергетиктердің жұмысы елдегі әрбір үйдің жарығы мен жылуының үздіксіз берілуін қамтамасыз етеді. Қазір сала алдында инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа қуат көздерін іске қосу және энергетикалық қауіпсіздікті нығайту міндеті тұр.

Ермахамбет Атақұлов – энергетика саласында 40 жылға жуық еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Ол еңбек жолын қарапайым электромонтажшы болып бастап, табанды еңбегінің арқасында басшылық қызметке дейін көтерілген. Өткен аптада ол Мемлекет басшысының қолынан жоғары марапат алды.

Ермахамбет Атақұлов, «KEGOC» АҚ басқарушы директоры:

- Марапат тек менікі емес. Осы күндіз-түні халыққа жылу, жарық беріп жүрген жұмыскерлердің еңбегі деп сенемін соған. Мен жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін 1986 жылы электромонтажник, электроэнергетик жұмысаннан бастадым. 

Соңғы 5 жылда энергетика саласына шамамен 2,5 млрд доллар инвестиция салынды. Нәтижесінде жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 7 проценттен асты. Экологиялық таза энергияны дамыту үшін әлемдік үздік компаниялармен әріптестік орнатылды. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов салаға елеулі үлес қосқан мамандарды кәсіби мерекемен құттықтады.

Ерлан Ақкенженов, ҚР Энергетика министрі:

- 2035 жылға дейін жоспарларды дайындадық. Жаңа қуаттылығы 26 ГВт энергия көздерді іске асырамыз. Энергетика саласы экономиканың негізі болып табылады. Сондықтан барлық энергетиктерді осы мерекемен құтттықтаймын. Төл мерекеміз құтты болсын! 

Осы орайда Үкімет «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске қосты. Оның аясында 2030 жылға дейін кемінде 200 нысан реконструкцияланып, 86 мың шақырым желі жаңартылмақ. Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын енгізді. Нәтижесінде соңғы үш жылда тек кәсіпорындардың күрделі жөндеу жұмыстарына 900 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылды.

Асхат Жапсарбай, тәуелсіз сарапшы:

- Энергетика  саласында активтердің тозығы 57-60 пайызға дейін жетіп қалған. Оның себептері не де? Инвестиция салынбаған активтерге немесе істеп жатқан мердігерлердің сапасыз жасаған жұмыстары болуы мүмкін. Кейбір компаниялардың акционерлері ақшасын шығарған болуы мүмкін. Ондай да себептер болған. Активтерге ақша салынбаса, оның тозығы да өсе береді. Ең біріншіден, бізге қазіргі уақытта инвестициялар керек.

Елімізде басқа да ірі жобалар қолға алынып жатыр. Екібастұздағы екінші ГРЭС-ке жаңа энергоблоктар салынып, үшінші ГРЭС-тің құрылысы басталады. Бұл нысандар елдегі энергия тапшылығын жоюға бағытталған. Сонымен қатар 2026 жылы Алматыдағы электр станциялары жаңғыртылып, Қызылорда мен Түркістан облыстарында бу-газ қондырғысы бар станциялар толық іске қосылады.